386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 660 мың гектар жер қайтарылып алынды

  • 167
  • UPD: 22:52, 18.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысында шаруалардан 660 мың гектар жер қайтарылып алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олармен жалға беру келісімшарты мерзімінен бұрын бұзылды. Бұл туралы мәслихат депуттарының алдында есеп берген облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір диқандар жерге қарамай, астық шығымдылығын төмендетіп жіберген. «Қара тізімге» кірген агроқұрылымдарда жұмысшылардың жалақысы мен салық түсімі де нашар. Бұл мәселені ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтеріп, жердің тиімді игерілуін тапсырған болатын.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Бір мысал келтірейін, бізде бірдей жағдайда жұмыс істейтін шаруашылықтар бар. Бірақ көрсеткіштері әртүрлі. Бірі жылда мол өнім жинап, жұмысшыларының жалақысын көтерсе, екіншісі, керісінше, екі есе төмен. Бұдан былай талап күшейеді.

Хабар 24 телеарнасы