386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде JasА жобасы жасалып, іс барысы белгіленді

  • 267
  • UPD: 14:24, 23.07.2019

Биыл елімізде жастарға басымдылық беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты республика бойынша алғаш рет жастардың жаңашыл көзқарасы мен қаланы көркейту бастамаларына қолдау көрсетілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен жастар қызметкерлері қауымдастығының қолдауымен JasА жобасы жасалып, іс барысы белгіленді. Жобаның мақсаты - жастар бастамаларын қолдау. Әрі олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтылық жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Наурызбаев Нұрлыбай, «Жастар қызметкерлері қауымдастығының» төрағасы:

- Жалпы осы жобаға 1200 өтініш түскен. Бірақ айта кету керек, әр өтініштің артында кем дегенде 2-3 адамнан, 10 адамға дейінгі жастар тобы тұруы мүмкін. Біздің орта есеппен 3000 мыңға тарта жас өз өтінімдерін білдіріп, осы жобаға қаптыспақ.

Хабар 24 телеарнасы