386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы оқдәрі қаладан 60 шақырым жердегі арнайы орынға жеткізіліп жатыр

  • 214
  • UPD: 22:46, 26.07.2019

Арыс маңындағы полигонда соңғы аптаның өзінде 3 мыңнан астам оқдәрі жойылды. Саперлар 1200 шаршы шақырым аумақты тыңғылықты тексеріп шыққан.

Бүгін қалаға Қорғаныс министрі арнайы барып, осы жұмыстардың барысын бақылады. Нұрлан Ермекбаев  шаһарды жарылғыш заттардың бөлшектерінен толық тазарту жұмыстарымен танысты. Қазір Арыстан 60 шақырым жерде арнайы орын әзірленіп, сол жерге оқдәрі жеткізіліп жатыр. Кейін оқдәрі толық жойылады. Бұған қоса төтенше жағдайдан зардап шеккен әскери қалашық қалпына келтірілуде. Министр  жұмыстардың жүйелі және қауіпсіз жүргізілуіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы