386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейліктер арзан жанармай үшін Қазақстанға жиі келуде

  • 183
  • UPD: 09:16, 29.07.2019

Ресейлік автокөлік иелерінің Қазақстаннан жанармай құюы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арзан бензин мен сұйытылған газ және дизель отынын іздеген жүргізушілер Ақтөбе облысының шекаралас аудандарына жиі келуді әдетке айналдырған. Cоңғы бір айдан бері мұндағы жанар-жағармай құю станцияларында ұзын-сонар кезек пайда

Орынбор өңірінен келетін ресейлік көлік иелері Жайсаң шекара бекеті маңындағы жанармай құю станциясын жатқа біледі. Олар соңғы бір айдан бері осында жиі келіп жүр. Тәуліктің кез келген уақытында шекара асып, автомашина багын толтырып әкетеді. Ал кейде болатын ұзын-сонар кезекке мән бермейді екен. Ең бастысы, станция үздіксіз жұмыс істесе екен деп тілейді.

Блиц 1:

- Мұнда бензинді біздегіге қарағанда жарты бағасына алуға болады. Көбінесе, осында келіп құйып алуға тырысамын. Шекараға жақын тұрсам, күнде келер ем. Сапасы да жаман емес. Қазір кезегімді күтіп отырмын.

Блиц 2:

Бензин Ресейде өте қымбат. АИ-92 маркілі отын шамамен 40 рубльден басталады. Ал, Қазақстанда біздің ақшамен 21 рубльдің көлемінде. Айырмашылығы жер мен көктей. Сондықтан неге арзанын алмасқа?!

Еліміздегі жанар-жағар май бағасының арзандығы жүк көліктеріне де тиімді болып тұр. Тіпті тауар тасып, талай елге сапар шегетін ауыр техника иелері «Қазақстанның аумағынан аспай тұрып, қажетті отын құйып алуға тырысамыз» дейді. Олардың айтуларынша, бензин мен дизельдің құны тек көршілермен ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Блиц 3:

-Сіздердегі жанармай бағасы өте арзан. Тіпті Ресей және Беларусьпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мен көбіне Беларусьте құйып алып, осында жеткенше тоқтамауға тырысамын. Ал мұнда келгенде автокөлік багын толтырып, кері қайтам. Тіпті сіздердегі баға Еуропадағыдай арзан деп айтар ем.

Өзбекстанда негізінен сұйытылған газ қолдануға тырысады. Себебі, бензин қымбат. Тиісінше, көліктің двигателі тез тозады. Ал, мұндай жанар-жағармайдың барлық түрі арзан және сапасы да жақсы.

Бұл жағдайдан жауапты мекеме мамандары хабардар. Айтуларынша, Ресейдегі мұнай өнімдерінің бағасы нарық тәртібі және өзге қосымша әрекеттермен реттеледі. Ал, солтүстіктегі көршіге елімізден жанар-жағармай шығаруға тыйым салынған. Оған қоса, Қазақстандағы үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өткен соң өнім өндіру көлемі едәуір артқан. «Бұл өз кезегінде ішкі нарықта бағаның төмендеуіне ықпал етті» дейді. 

Асқар Көкеев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

-Ақтөбе облысының транзиттік потенциалы жоғары. Мысалы РФ-сымен бірыңғай экономикалық аймаққа кіреміз. Егер мысалы адамдар бензин құйып алып жатса, біз қолдаймыз, әрине. Шектеу жоқ. Бізде ешқандай дефицит жоқ. Барлығын: газ, бензин бойынша дизтопливо бәрі ішкі нарықта толық.

Бүгінде өңірде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді 114 жанар-жағармай станциясы жүзеге асырып отыр. Оның жартысынан астамы аудан аумақтарында орналасқан. Мамандар нарықты бақылап отыр. Ал, ай сайын облысқа Энергетика министрлігі 14 000 тонна АИ-92 маркалі бензин мен осыншама көлемде дизель отынын бөліп келеді. Бұл аймақтағы тұтынушылар мен транзиттік көліктердің сұранысын қанағаттандыруға толық жетіп тұр.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнаддин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы