386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы мамандандырылған ХҚКО 50 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіп үлгерді

  • 118
  • UPD: 21:56, 11.08.2019

Атырауда былтыр желтоқсан айында ашылған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы осы күнге дейін 50 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Мұнда көліктерді тіркеу, қайта тіркеу, жүргізуші куәліктері мен көліктерге мемлекеттік нөмірлерді беру секілді қызмет түрлері бір орталыққа шоғырландырылған.

Сынақ тапсыруға келген сегіз талапкер алғашқы теориялық тапсырманы сәтті орындап шықты. Енді автомектептен алған ілімдерін тәжірибе жүзінде сарапқа салмақ. Ол үшін арнайы жасақталған автодром бар. Аумағы 2500 шаршы метрді алып жатқан алаң кәдуілгі көшеден кем емес. Бұрылыстар, жол белгілері және бағдаршамдармен жасақталған. Бүгін ғана жүргізуші куәлігіне қол жеткізген Досхан Айтмұханов сынақтың аса ауыр болмағанын айтады.

Досхан Айтмұқанов, талапкер жүргізуші:

- Мен өзім екі апта теориялық емтиханға дайындалдым. Және практикалық емтиханда екі мүмкіндігім өкінішке орай болмай шықты. Бірақ үшіншіде барлық қателіктерімді дұрыстап, қобалжымай, аман-есен тапсырып шықтым.

Мамандандырылған орталықтың қызметі алыс аудандардан келгендерге өте қолайлы. Бұрын әр мекемені түгендеп, апталап уақыт жоғалтатын азаматтар енді бас-аяғы бір сағатта толық құжаттарын алуға қол жеткізіп отыр. Орталықта бұдан өзге есептесу кассасы мен медициналық тексеру бекеті жұмыс істейді. Мұндағы барлық қызмет түрлері мемлекеттік стандартқа сай жүзеге асырылады. Бұл әсіресе, талапкер жүргізушілер үшін қолайлы болып тұр. Тек өткен шілде айында орталық арқылы 2,5 мың жүргізуші куәлігі берілген.

Тұрлан Ержанов, «ААҮ» МК Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары:

Оның 50-55%-і электронды түрде. Яғни, электронды үкімет порталы арқылы электронды сандық қолтаңба арқылы алуда. Қазіргі уақытта ол тәсілге халық көшіп келеді. Ол өте ыңғайлы, жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін әкеледі, қағазбастылық жоқ.

Қазір орталықта 4 автокөлік бар. Олар жүргізушілердің санатына қарай практикалық сынақ тапсыруға арналған. Келешекте 16 адамнан артық адам таситын үлкен автобустар мен ауыр жүк көліктері алынбақ.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы