384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда электронды үкімет қызметтерін трамвайда алуға болады

  • 307
  • UPD: 15:31, 12.08.2019
Павлодарда электронды үкімет қызметтерін трамвайда алуға болады

Ертіс өңірінде Egov жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтерді трамвай ішінде алуға болады.

Облыс орталығында халыққа қызмет көрсету бұрышы жасақталған вагон жүре бастады. Сала мамандары тұтынушыларды мобильді азаматтар базасына тіркеп, ұялы телефонның көмегімен алуға болатын мемлекеттік қызметтермен таныстырды. Басты мақсат «Электронды үкімет» порталының қолжетімділігі мен қарапайымдылығын көрсету. Айта кетейік, бүгінде қызметтерді орталыққа бармай, смартфон арқылы алуға болады. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 70 проценті электронды түрде ұсынылады. 

Мейрамгүл Есімова, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы филиалының PR-менеджері: 

- Egov порталының «Телеграмм-бот» қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрін алуға болады. Мәселен, азаматтың сотталмағандығы, зейнетақы төлемдері туралы анықтамаларды оп-оңай алуға болады. Электронды қызметтер халыққа қызмет көрсету мекемелерінің жүктемесін азайтады. 

Дәулет Есмағамбетов, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы: 

- Облыс әкімінің тапсырмасыман көшпелі халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын іске қостық. Трамвай әр апта сайын сәрсенбі және сенбі күндері жүреді. Мамандар халыққа кеңес берумен қатар мемлекеттік қызметтерді алуға үйретпек.

Хабар 24 телеарнасы