386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңды митинг кезіндегі полицейлердің әрекеті туралы семинар өтіп жатыр

  • 154
  • UPD: 22:00, 09.09.2019

Қоғамда бейбіт шерулер керек. Алайда олар бейберекетсіздік пен жаппай тәртіп бұзушылыққа, бұзақылыққа ұласпау керек.

Заңды митингтер өткізудің өз талап ережесі болуы қажет. Ал сондай жағдайда тәртіп сақшылары қалай әрекет етуі тиіс? Бүгін осы тақырыпқа байланысты Алматыда үш күнге жалғасатын оқу семинары басталды. Онда полиция қызметкерлеріне жанжалды жағдайларды орнықты шешуді, тараптарды мәмілеге келтіруді, наразы топпен қалай байланыс орнату әдіс-тәсілдерін үйрететін пилоттық жоба таныстырылды. Оның мақсаты қоғамға наразы топтар мен  құқық қорғау органдары арасында сұхбат алаңын орнату.  Жалпы бұл шараға тәртіп сақшыларымен бірге мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері де қатысуда.   

Рашид Жакыпов,  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Біз, тәртіп сақшыларының «скандинавиялық» деп аталатын тәртіпті бақылау әрі қадағалау әрекетін қарастырып жатырмыз. Ол тәжірибеден қажетті тұстарын да алып, қолдануға болады әрине. Дегенмен, шетелдік тәжірибенің барлығы біздің жағдайға сәйкес келе бермейтінін ескеру керек.

Хабар 24 телеарнасы