389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңыр маңындағы Төретам және Ақай ауылдарына газ тарту жоспарланды

  • 165
  • UPD: 11:26, 26.09.2019

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Байқоңырға барды. Үкімет басшысы жұлдызды қалашықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан мен Ресейге ортақ ғарыштық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.

Сонымен қатар «Байқоңыр» еркін экономикалық аймақ құру және қонақүй кешендерін жаңғырту жоспары талқыланды. 30 жылдан бері ірі нысан салынбаған Байқоңырда «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде көпқабатты 5 үй бой көтерді. 250 пәтерлік үйге бюджеттік сала қызметкерлері мен баспана кезегінде тұрған Қазақстан азаматтары қоныстанады. Қазіргі таңда соңғы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан үйдің жай-күйімен танысқан премьер-министрге қаланы газдандыру және сапалы ауызсумен қамту жобалары да баяндалды. Ғарыш қақпасы атанған шаһарда 6 әлеуметтік нысан мен 323 көп қабатты тұрғын үйге қазақстандық табиғи газ жеткізілген. Енді төңіректегі Төретам мен Ақай ауылдарына көгілдір отын құбырын тарту жоспарланып отыр. 

Арнұр Нұрмағамбетов, облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Тұрғын үйлерді мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен салынды. Бұл бағытта 2,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Тұрғындарға «Нұрлы жер» бағдарламасының сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша беріледі.

Медет Усаин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- 3 млрд теңге қаржыға 44 шақырым газ құбыры, 1 автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді. Осы күнге дейін Байқоңыр қаласы тұрғындары айына орта есеппен 3 мың теңге төлесе, осы табиғи газ құбырын жүргізгеннен кейін айына 200 тг төлеп отыр. Бұл дегеніміз халыққа, орта және кіші бизнес дамуына үлкен серпін беретіні анық.

Хабар 24 телеарнасы