389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына 200 млрд теңге жиналды

  • 252
  • UPD: 17:27, 27.09.2019
Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына 200 млрд теңге жиналды

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына 200 млрд теңге жиналды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жұмыс берушілер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әр жұмысшының жалақысынан 1,5 пайыз төлеп отыр. Келесі жылдан бастап 2 пайыз төлейді. Қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 200 млрд теңге жиналды. Бұл ақша 1 қаңтардан бастап тегін медициналық қызметтерді қаржыландыру үшін пайдаланылады. Тегін медициналық қызметтерге жаңа айтылған қаражатпен бірге келесі жылдан бастап әр азамат өзінің жалақысынан 1 пайыз төлейді. Қосымша 1 пайыз өзіміз төлеп, 2 пайызды жұмыс беруші төлесе, 3 пайыздық қаражат қорға жиналып, келесі жылы жалпы медициналық сақтандыруға 600 млрд теңге жұмсалады», – деді Елжан Біртанов. Министрдің айтуынша, келесі жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет тарапынан 1 триллион теңге аударылады.

«Сонымен, 1,6 трлн теңге тегін медициналық көмек көрсетуге жіберіледі. Біздің ойымызша, сол кезде көптен күткен тегін медициналық көмектің түрін көбейтуге мүмкіндік туады. Тарифтерді көтеру негізінде медициналық қызмет берушілердің жағдайы жақсарып, 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің айлығына 30 пайыздық үстемеақы қосылады», – деді Елжан Біртанов.

Хабар 24 телеарнасы