389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы іске қосылады

  • 194
Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы іске қосылады Túrkistan

Ертең Электронды үкіметтің жаңа мобильді қосымшасы іске қосылады.

Енді ел азаматтары мемлекеттік қызметтің 23 түрін смартфонның көмегімен алуына болады. Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба алуға да өтініш беріп, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарта алады. Жаңа мобильді қосымшада адамдар электронды цифрлық қолтаңбаны аса қажет етпейді. Өйткені телефонды ашу үшін саусақ ізі немесе құпия сөз жеткілікті. Сол арқылы мобильді қосымшадан қажетті құжатқа өтінім беріп, тапсырысты растай аласыз. Мемлекеттік қызмет түрлерін әлеуметтік желілер арқылы да алуға мүмкіндік бар. Бұдан былай азаматтарға төленетін салықтың сомасы смс-хабарлама арқылы алдын ала келіп отырады. Ал қараша айынан бастап, мекенжай анықтамасы берілмейді. Мамандар алдағы уақытта тағы 27 қызмет түрін оңтайландыруды жоспарлап отыр.

Абылайхан Оспанов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

– Бірінші қарашадан бастап азаматтарға мекенжай анықтамасы берілмейді. Бүгін барлық мемлекеттік органдардың базасы осы мекенжай анықтамасының ақпаратын алу үшін іске қосылды. Енді азамат өз еркімен электронды портал арқылы немесе осы мобильді қосымша арқылы оған кіріп, анықтаманы алмайды. Тек қана өзінің ақпаратын көруге мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы