384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылдан бастап «Әліппе» латын әліпбиімен дайындалады

  • 311
  • UPD: 15:35, 22.10.2019
2021 жылдан бастап «Әліппе» латын әліпбиімен дайындалады түркістан.кз

Латын әліпбиінің негізіндегі каллиграфиялық жазу үлгісі 2021 жылға дейін дайын болады.

Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның ғылыми хатшысы Анар Фазылжан  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, қазақ алфавитінің каллиграфиялық үлгісін Ы.Алтынсарин атындағы білім бері академиясы психолог, педогог, дизайнер, тілтанушы, әдістемеші мамандармен бірге әзірлеуде.

«Егер біз таңдап отырған латын әліпбиіне жақын арада бірнеше өзгеріс енетін болса, каллиграциялық жобада түзетіліп, ұсынылады. Себебі Үкімет бекіткен жоспарға сай Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдан бастап «Әліппені» латын алфавитінде дайындайды», - деді Анар Фазылжан.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы