425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық экологтар қоқыс үйінділерін ғарыштық мониторинг жасау арқылы бақылауда

  • 728
Қарағандылық экологтар қоқыс үйінділерін ғарыштық мониторинг жасау арқылы бақылауда

Қарағандылық экологтар заңсыз тасталған қоқыс үйінділерін ғарыштық мониторинг жасау арқылы бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде мыңнан астам үйінді жерсеріктік түсірілім арқылы көзге түскен. Экология министрлігі мен Ұлттық «Ғарыш Сапары» компаниясы арасында екі жақты келісімшарт жасалған. Онда көптеген күрделі мәселені бірлесіп шешуге болатыны нақтыланды. Енді бейнекөрініс арқылы жіті бақылау жүргізілмек. «Нәтижесінде экологиялық заң талаптарының орындалмауын анықтаймыз», – дейді экологтар.

Қанат Мұсапарбеков, облыстық экологиялық департаментінің басшысы:

– Бүгінгі күні 1081 заңсыз орналасқан қалдық орындары анықталды. 500-ден астамын біздің инспекторлар анықтап, 100 ден артығы арнайы орынға тасылып болды.

Хабар 24 телеарнасы