417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтарды «қисық» балкон шошытты

  • 588
  • UPD: 21:33, 04.11.2019

Апатты балкон астаналықтарды шошытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Петров көшесінің бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің иілген қасбеті әлеуметтік желіде таралды. Мұндағы тұрғындардың айтуынша, еденде жарық пайда болған. Сөйтсе, бұл үйді аты шулы «Тамыз инвест групп» компаниясы салған екен. Бүгінде құрылыс фирмасының басшылары үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді жергілікті әкімдік алақол компанияның жұмысын аяқсыз қалдырмай, ғимаратты мейілінше қауіпсіз етіп жасауға уәде беріп отыр.

Гүлнар Меңдібаева, қала тұрғыны:

– Үйіміздің жағдайын көріп тұрсыздар. Бүкіл кафель құлап жатыр. Желде бәрі ұшады. Бір күні алдыма түскен жағдай да болды. Төбеден түссе, 4 баламыз бар, оны кім асырайды сосын?!

Дәулет Досқұлов, Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Құрылыс компаниясы тұрғындарды бұл үйге заңсыз көшірген. Нысан пайдалануға берілген жоқ. Бірақ біз оның қасбетін ауыстырып, құрылысын күшейтуді жоспарлап отырмыз. Осы аптада техникалық зерттеу аяқталады. Сол кезде нақты қандай жұмыстар істеу керегі анықталады.

Хабар 24 телеарнасы