384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда бұзақылар қиратып кеткен мүсіндерді жеке кәсіпкер өз қаражатына жөндетпек

  • 184
  • UPD: 19:15, 13.11.2019
Ақтауда бұзақылар қиратып кеткен мүсіндерді жеке кәсіпкер өз қаражатына жөндетпек

Ақтаудағы «Ақ бота» саябағында бұзақылар қиратып кеткен мүсіндерді жеке кәсіпкер өз қаражатына жөндетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір апта бұрын іскер азамат орталық саябаққа танымал мульфильмдер кейіпкерлерінің мүсіндерін орнатқан еді. Жобаға төрт млн теңге көлемінде қаражат жұмсалған. Бірақ көп ұзамай оларды бұзақылар сындырып, кейбірін құлатып кеткен. Қалалық әкімдік енді саябаққа бейнекамералар орнатуды көздеп отыр. 

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТКШ бөлімінің бастығы:

– Бейнекамералар орнату жұмыстары басталып жатыр. Сол орталық саябақтың алаңында да бейнекамера орнатылатын болады. Болашақта ешқандай бұзақы жұмыстар болмайтын шығар деп ойлаймын. Бас-аяғы бір аптаның ішінде сондай жағдайға ұшырап отыр. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен қаражат жұмсалған жоқ. Кәсіпкердің қаражаты есебінен жасалған жұмыстар. Қазір соны қайтадан қалпына келтіріп береді.

Хабар 24 телеарнасы