380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жасалған тәттілер Қытай нарығына жол тартты

  • 199
  • UPD: 08:50, 03.12.2019
Қостанайда жасалған тәттілер Қытай нарығына жол тартты

Қостанайлық кондитерлер экспорт нарығын кеңейте түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өз өнімдерін Қытайға жібере бастады. Және бұл бағытта экспорт ауқымын арттыра түсуді көздеп отыр. Әзірге тобылдық тәттілерді  негізгі тұтынушы, көрші Ресей елі.  Одан кейін Орта Азия мемлекеттері. Сондай-ақ Қостанай кәмпиттері Әзербайжан мен Германияға жіберіледі. Ақшаға шаққанда экспорт көлемі соңғы жылда 3 есеге өскен. Кондитерлік өнімдердің сапасымен қоса, бағасы да тұрақты. Тәттілердің түріне қарай келісі 800-ден 1500 тенге аралығында. 

Константин Лисняк, кондитерлік фабриканың сауда жөніндегі директоры:

– Фабрика 300-ден астам кондитерлік өнім түрін шығарады. Оның ішінде вафелді, шоколодты кәмпитттер зор сұранысқа ие. Біз ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекелестерімізден жоғары сапамен және төмен бағамен ерекшеленеміз.

Хабар 24 телеарнасы