378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығында 13 жаңа жоба жүзеге аспақ

  • 156
  • UPD: 10:35, 31.12.2019
«Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығында 13 жаңа жоба жүзеге аспақ

Үкімет үйінде 2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Оның аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясына қатысты 27 жобаның іске асырылуы қарастырылған.

Қазақстандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 95,9 мың шақырымды құрайды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы мен реконструкциясы аясында 13 жаңа жоба іске асырылмақ. Жаңа жобалар шеңберінде тиісті жұмыстармен жолдардың шамамен 7 мың шақырымы қамтылады. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде 14 өтпелі жобаны да жүзеге асыру қарастырылған. Өтпелі жобалар аясында пайдалануға берілетін жолдардың ұзындығы 3,8 мың шақырымды құрайды. Осылайша, Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар жолдардың 10 мың шақырымында қозғалыс ашылады деп күтілуде. Бұл 2025 жылы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық жолдардың үлесін 100% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2020 және 2025 жылдардың аралығында жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызға ие автомобиль жолдарын дамытуды қаржыландыруға паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттерден шамамен 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл қаржы есебінен жергілікті маңызы бар жолдардың 20 мыңнан астам шақырымы қалпына келтірілмек. Осы ретте жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95% жеткізіледі деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы