448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап жүр

  • 428
  • UPD: 23:15, 06.01.2020

Халық қалаулылары Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылында болып, мұғалімдерімен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануына байланысты іс-шаралар реті талқыланды. Мәжілісмендердің айтуынша, жаңа заң мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Сондай-ақ ұстаздарды материалдық қамсыздандыру, ынталандыру шаралары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы нормалардан тұрады. Басқосуда жолдаудың басым бағыттары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, кәсіпкерлерге қатысты салық жеңілдіктері мен Жастар жылының қорытытындысы жайында айтылды.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

– Заман талабы тез өзгеріп жатыр. Соны болашақта тағы қандай заттарға, тағы қандай жағдайларға көңіл аударуымыз керек. Ой түйгендеріміз жеткілікті. Алдағы уақытта біз заң жобаларын қабылдауға оң ықпалын тигізетініне сеніміз мол.

Хабар 24 телеарнасы