380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауытбек Әбдірахманов: Абайдың идеялары заманмен үндес

  • 219
  • UPD: 20:38, 09.01.2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы - биылғы Абай тойын өткізудің нақты бағдарламасы.

Президенттің осы «Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан» еңбегін басшылыққа алсақ, еліміз көп шаруа тындырады. Абайдың ақылын алған ұлт ретінде өсеміз, өркендейміз. Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Бұл мақалада алдымен Абайдың ойлары қарастырылған. Абайдың көркемсөз зергері ретіндегі шеберлігін қарап жату Мемлекет басшысының міндетіне кірмейді. Ол – кәсіби әдебиетшілердің шаруасы. Сондықтан да Президент Абай шығармаларындағы қазіргі күнге өте қажетті идеяларды алға шығарып отыр. Осымен де құнды.

Хабар 24 телеарнасы