377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық мұнай-химия зауыты әкімшілік жауапқа тартылды

  • 118
  • UPD: 16:18, 15.01.2020
Павлодарлық мұнай-химия зауыты әкімшілік жауапқа тартылды

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану салысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды.

«Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», - делінген Энергетика министрлігінің ресми хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы