378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақкөлден Нұр-Сұлтанға жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатыр

  • 74
  • UPD: 10:55, 28.01.2020
Ақкөлден Нұр-Сұлтанға жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатыр

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға осы уақытқа дейін жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл көліктерде ақтүтек боранның салдарынан жолдың ашылуын күтіп қалған жүргізушілер мен жолаушылар келе жатыр. Көліктер тобына жол бойындағы елді мекендерден тағы 20 көлік қосылды. Бірнеше бөлікке бөлінген әр тізбекте 30-35 көліктен жүріп келе жатыр. Көлік тізбегімен бірге қар тазалаушы техника, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар бірге келеді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Көлік тізбегінің құрамында көбінесе жеңіл автокөліктер, жолаушылар автобусы (оның ішінде шетел азаматтары да бар) бар. Сондай-ақ жүк көліктерінің біразы Ақкөлде қалды. Қозғалыс қаупі ескеріліп, олар да тек құтқарушы құрылымдардың көмегімен жолға шыға алады.

Хабар 24 телеарнасы