476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық ақын Еуропалық ғылым академиясының мүшесі болды

  • 684
Қазақстандық ақын Еуропалық ғылым академиясының мүшесі болды

Қазақстандық ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенова Еуропалық ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – осы беделді ұйымдағы еліміздің алғашқы өкілі. Түрлі кезеңдерде 70-тей Нобель сыйлығының лауреаты Еуропалық академияға мүше болған. Раушан Бүркітбаева-Нүкенованы әдебиетке қосқан үлесі үшін академиктер қатарына қосты. Ал өзінің айтуынша, ол дарынды аудармашы Атанас Ванчев де Трасимен бірлесіп шығарған туындыларымен көзге түсті.

Раушан Бүркітбаева-Нүкенова, ақын:

– Олар мені қазақ әдебиетінің бір маңызды бөлігі санайды. Бұл еліміздің азаматы ретінде үлкен абырой. Өйткені мен мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлемге танытуға тырысып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы