447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жедел желі іске қосылды

  • 158
  • UPD: 09:43, 05.02.2020
Солтүстік Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жедел желі іске қосылды

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 12 жолаушысы бар бес автокөлік эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ауа райы нашарлап, облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың жабылатыны аймақ тұрғындарына алдын ала ескертілген. Дегенмен, 112 хабарламасына селқос қарағандар да бар.

«Жергілікті маңызы бар Есіл және Ғабит Мүсірепов ауданында тас жолдарда қар құрсауында қалған 12 жолаушысы бар 5 жеңіл көлік эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Мекеме мәліметінше, Ғабит Мүсірепов ауданындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында МАN кюветке түсіп кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар оны жол жиегіне шығарып, жүргізуші сапарын жалғастырды.

Төтенше жағдайлар департаменті тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желіні іске қосты: +7 (7152) 52-25-29.

Ауа райы болжамы бойынша, бесінші қаңтар күні өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Боран мен көктайғақ қаупі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы