445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында наубайханаларға айыппұл салынды

  • 135
  • UPD: 12:58, 20.02.2020

Қарағанды облысының санитарлық дәрігерлері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады.

Олардың қатарында наубайханалар мен кондитерлік цехтар да бар. Былтыр 500-ден аса цехтың жұмысын тексерген сала мамандары олардың 83 проценті өз қызметіне салғырт қарағанын анықтады. Сертификаты жоқ ұн мен мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен шикізат өнімдері адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіретіні рас. Азық-түлік өнімдерінің еденде сақталуы, судың тиісті нормаларға сай келмеуі сияқты  кемшіліктер өте көп. Ол аз десеңіз, ыдыс-аяқ жуған судан алынған сынамада ішек таяқшаларының бактериялары табылған. Нәтижесінде, торт пен тәтті нан пісіретін кондитер иелеріне 3,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал наубайхана иелеріне салынған айыппұл көлемі бұдан екі есеге көп. Айта кетерлігі, мұндай нысандар қызметі жылына небары 1-2 мәрте тексеріледі.

Мамандардың айтуынша, араларында мұндай тексерістен мүлдем сырт қалатындары да аз емес. 

Юрий Залыгин, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Эпидемиологиялық маңызы бар нысандардың барлығы да өндірістік бақылаудан өтуі тиіс. Былайша айтқанда олар өзін өзі үнемі бақылауда ұстауы қажет. Яғни дәрігерлік тексерістерді өзіңіз қарап, зертханалық тесерістерді де өзіңіз жүргізіп отыруға міндеттісіз. Мысалы, егер зертхана тексерісінің нәтижесінде қандай да бір шикізат талапқа сай келмесе сіз шұғыл түрде шаралар алуыңыз керек. Адамдардың улану қаупінің алдын алу үшін бұл өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы