427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТүркПА елдері арасында кино саласындағы байланыс артады

  • 352
  • UPD: 13:55, 29.02.2020
ТүркПА елдері арасында кино саласындағы байланыс артады

Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясына мүше мемлекеттер кино және анимация саласында өзара байланысты арттыруға ниетті.

Сол себепті халықаралық ұйымға мүше елдердің өкілдері Анкарада бас қосты. Алқалы жиында туыстас елдердің тәжірибесі талқыланып, бірлескен жоба жасауға уағдаласты. Қажетті заңнама жобасы бойынша пікір алмасты.

Хаменова Бақытгүл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпы кино дегеніміздің өзі тұнып тұрған өнер. Жастайынан бастап жасөспірім, ес жиынға дейін баланың бойында қалыптасатын құндылықтардың барлығы да кинодан да алуға болады. Жалпы бүгінге кездесудің өзектілігі осы болды. Сондықтан жан жақтан жиналған елдің жалпы келісіп пішкен тон келте болмас дейді. Сондықтан бүгінгі жиынның иімі осыған сайды.

Хабар 24 телеарнасы