439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада нан бағасын 95 теңгеден асырғандарға іс-шара қолданылады

  • 98
  • UPD: 21:14, 19.03.2020

Нанның қолжетімді бағасы 95 теңгеден аспайды.

Бағаны негізсіз өсірген сатушыларға арнайы шаралар қолданылады. Бұл туралы бүгін қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы брифинг кезінде айтты. Ұнтақ, жарма және дәнді азық-түлік өнімдері кісі басына 5 келіден артық берілмейді. Қоғамдық тамақтану орындары тапсырысты тек онлайн түрде қабылдайды. Бүгінде қала қорында 48 мың тонна азық-түлік бар. Көрші өңірлермен ауыл шаруашылығы өнімдері жасыл дәліз арқылы тікелей жеткізіледі. Қалаға кірер алдында жүргізушілердің денсаулығы тексеріледі. Тасымалдаушы көліктер қоймаға тіке барып тіке қайтуы керек. Жүк көліктерінің жүру бағыттары «Сергек» бейнекамералары арқылы бақыланады. Сондай-ақ еңбек демалысына шығарылған қызметкерлердің жалақысы жұмысқа барған күнімен ғана есептеледі. Жұмысқа жарты күннен шығып жүрген қызметкерлердің жалақысы қысқартылмайды. Ал, қызметкерді жұмыстан қысқарту алдында жұмыс беруші өз қызметкеріне 1 ай бұрын ескертеді. Жұмыстан қысқарған қызметкерге 1 айлық орташа жалақысы төленеді. Жоспарлы еңбек демалысы алдын ала бекітілген кестеге сай беріледі.

Ерлан Исмағұлов, қалалық қоршаған ортаның сапасын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Технологиялық процесс немесе басқа себептермен жұмысшыларды қашықтықтан жұмысқа ауыстыруға мүмкіндік бермейтін ұйымдарда жұмысты толық емес жұмыс режимінде ұйымдастыруды қалыпты ұзақтығын азайту және жұмыс аптасында жұмыс күндерінің санын азайту. Жұмыс уақыты кезеңінде қызметкерлерді барлық қажетті қорғаныс қамтамасыз етуге. Сонымен қатар денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарын сақтануға.

Хабар 24 телеарнасы