447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын ішкі әуе рейстері тоқтатылады

  • 92
  • UPD: 19:58, 20.03.2020
Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын ішкі әуе рейстері тоқтатылады

Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайтын ішкі әуе рейстері тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін аптасына елордадан еліміздің 16 аймағына 320 рейс орындалатын. Ал, Алматыдан республиканың 18 өңіріне 295 рейс қатынайтын. Мұның бәрі енді тоқтайды. Тек өзге мемлекеттен келетін ұшақтар қабылданады. Оның өзінде қазақстандықтар ғана болуы тиіс. Шетелдіктер елге кіре алмайды. Ал, жүк таситын әуе кемелеріне тыйым жоқ. Олар баяғыша ұша береді.

Хабар 24 телеарнасы