411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантинге жабылған 9 үйден шектеу алынды  

  • 216
  • UPD: 22:21, 31.03.2020
Алматыда карантинге жабылған 9 үйден шектеу алынды  

Алматыда қазір 27 инфекция ошағы бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді. Мұндай ауру ошақтары қаланың 8 ауданында да тіркелген. Барлығы қоршалып, ондағы тұрғындардың кіріп-шығуына тыйым салынған. Ал індет жұғуы ықтимал кезеңнің аяқталуына байланысты бұған дейін карантинге жабылған 9 үйден шектеу алынып тасталды.

Индира Хаметчина, қала тұрғыны:

– 11 күнде бірінші рет өз еркіммен далаға шықаныма қуанып тұрмын. Гоголь көшесімен жүріп, дүкеннен қажет заттарымды алдым. Осы сәтті біз өте қатты күттік. Үнемі үйден шықпай отыру қандай қиын. Бірақ мұның бәрі уақытша ғой. Шыдап, сабырлылық танытсақ, бұрынғы тіршілігімізге қайта ораламыз.

Хабар 24 телеарнасы