411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында COVID-19 жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық

  • 254
  • UPD: 20:28, 01.04.2020
Қызылорда облысында COVID-19 жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық

Қызылордада COVID-19 вирусын жұқтырған науқастардың екеуі Жаңақорған, тағы екеуі Қармақшы және біреуі Шиелі ауданынан анықталып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, облыс орталығынан да бір науқас тіркелді. Барлығы стационарға жатқызылды. Дәрігерлер науқастардың жағдайына «қанағаттанарлық» деген баға беріп отыр. Жаңақорған мен Шиеліде тіркелген науқастар бұрынғы сырқат адамдардан жұқтырып алған. Ал, Қармақшыдағы ауырған азаматтың бірі Алматыдан келген. Екіншісінің жұқтыру жолы зерттеліп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша аймақта коронавирус індетін жұқтырғандар саны 25-ке жетті. Қауіпті кеселдің ошағына айналуына орай Жаңақорған карантинге жабылады. Ауданға тосқауыл бекеті қойылып, ауыларалық қатынас тоқтатылады.

Ерлан Бәкіров, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жедел штабтан талдамалы аналитикалық топ құрылды. Топ мәліметтердің бәрін жинақтап, әртүрлі ұйымдастыру шараларын атқаруда. Сонымен қатар қандай көліктер кіргізіледі? Қандай азаматтар кіргізілуі мүмкін, мүмкін емес? Сол туралы жадынама дайындап беріп жатырмыз блок-бекеттерге. Кіру-шығу тәртібі реттелетін болады.

Хабар 24 телеарнасы