431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының 60 мыңға жуық тұрғыны қайта жұмысқа шығуға мүмкіндік алды

  • 375
  • UPD: 20:46, 28.04.2020

Қарағанды облысында бір айдан астам уақыт оқшауланған 57 мың адам қайта жұмысқа шығуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, саяжайы бар 30 мың тұрғын көктемгі егіс жұмыстарына алаңсыз кірісе алады. Өңірде карантин режимі едәуір жеңілдетілді. Облыс тұрғындарына рұқсат етілген амалдар мен тыйымдар туралы осы өңірдегі арна тілшісі Дәуренбек Бақдәулетұлы тікелей эфирде айтып берсін.

Диктор:

- Дәуренбек, карантин режимін жеңілдеткеннен кейін қандай өзгерістер болып жатыр?

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Қала тірлігі бүгіннен бастап қайтадан жандана бастағандай. Әсіресе, ұзақ уақыт оқшауда болып, енді сыртқа шыққандар ерекше мәз.

Бүгіннен бастап облыстың 60 мыңға жуық тұрғыны қайта қауырт тірлігіне кірісті. Енді өндіріс ошақтары, көлік жөндеу орындары, заңгерлерге өз қызметін жалғастыруына рұқсат берілген. Сонымен қатар саяжай алқабында да қызу жұмыс байқалады. Көпшілік бүгін осында егіс жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Бұдан бөлек, тұрғындарға өз үйінің ауласында еш алаңсыз жүруіне рұқсат берілді. Тек санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Клара Жаңабаева, қала тұрғыны:

- Күндіз-түні жаңалық көріп, ауырған қанша адам болды, Қарағанды облысында қанша деп, жүрегіміз ауырды, балам-ау, ел-жұрт аман болсын. Қазақстан бәрін жеңеді, тек қана алға.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

- Карантин талаптары жеңілдетілгенімен, тұрғындар әлі де тек электронды базаға енсе ғана қала ішінде еркін жүріп-тұра алады. Қалғандарына тұрғылықты жерінен 1,5 шақырымға ұзап шықпаған абзал.

Облыс жолдарынан бүгін 8 бірдей санитарлық бекет алынып тасталды. Ал, Теміртау қаласының тұрғындарына әлі де карантин режиміне төзе тұруға тура келеді. Себебі облыстық штабтың жетекшісі әрі облыс әкімінің орынбасары түсіндіріп берсе.

Әлішер Әбдіқадыров, облыс әкімінің орынбасары:

Қоғамдық көліктер шектеулі уақытпен іске қосылды. Бұл ретте тиісті санитарлық талаптар сақтау маңызды. Ал, Теміртау қаласында карантиндік шаралар жағдай дұрысталғанша жүргізілетін болады. Біздің басты мақсатіндеттің таралуына жол бермеу.

Карантин шараларын толық аяқтау эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен жүргізілмек. Яғни, ауру жұқтырғандар саны азая берсе, қалыпты тірлікке бірте-бірте рұқсат беріле бастайды.

Хабар 24 телеарнасы