470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бұл заңды күткенімізге 28 жыл болды – ардагер

  • 890
  • UPD: 19:56, 08.05.2020
Бұл заңды күткенімізге 28 жыл болды – ардагер

Жаңа заңның қабылдануын қуанышпен қабылдаған ардагер-жауынгерлердің қатарында Қайратбек Сатпаев та бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонау 1995 жылы тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста ерлік көрсетіп, аяғынан жарақат алған.

Қайратбек Сатпаев, тәжік-ауған шекарасындағы ұрысқа қатысқан ардагер-жауынгер:

– Бізге бұл үлкен сый болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кеше «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды, заң 18 баптан тұрады. Оның ішінде 5 санаты бар. Ауған соғысы, тәжік-ауған ұрысы ардагерлері, Қарабақта, Чехословакияда болған азаматтар барлығы бүгінгі таңға дейін өзіне тиесілі жеңілдіктерді ала алмай келген болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы