410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бір жарым жастағы сәби жоғалып кетті

  • 178
  • UPD: 11:45, 21.05.2020
Атырауда бір жарым жастағы сәби жоғалып кетті

20 мамыр күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен 1,5 жасар Әлиді Атырауда полиция қызметкерлері іздеп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Бала үйден түскі 13:30 шамасында шығып кеткен. «Жұлдыз» мөлтек ауданындағы №57 үйден сыртқа шыққан бала қайтып оралмапты. Ол оң аяғын сілтіп басады. 

Сәбиді іздеу жұмыстары кешеден бері жалғасып жатыр. Бүгін таңғы сағат 06:30-дан бастап көмекке келген қала азаматтары мен жақын маңдағы аудандардың 400-ге жуық тұрғыны, еріктілер мен ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері қызметтік иттерді пайдаланып, 50-ден астам көше мен жақын маңды түгелдей шарлап шықты.

Мамандар кешеден бері үш дронды да іске қосты.

Жергілікті полиция баланы көрген-білген адамдардың «102» телефонына хабарласуын сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы