432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылды

  • 389
  • UPD: 23:47, 21.05.2020
Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылды

Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты түнгі 11-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Метрополитеннің де жұмысы жандана бастады. Карантин уақытында көлік құрамы төртеуге дейін қысқарып, жүру кестесі 13 минутқа дейін созылған еді. Метро мамандары 18 мамырдан бері жолаушылардың саны 10 пайызға көбейгенін айтады. Бұрын жер асты жолымен күніне 60 мың адам қатынаса, қазір мың адам ғана жүреді.

Нұрлан Қадырқұлов, қозғалыс қызметінің бастығы:

– Күнделікті дезинфекция  жасалып жатыр. Құрамды екі рет Депоға кіргізіп, дезинфекция жасатып шығарамыз. Кешкісін жабылғаннан кейін міндетті түрде санитарлық өңдеу жасалады.

Хабар 24 телеарнасы