Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-арнасы іске қосылды
- 408
- UPD: 15:19, 22.05.2020

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ресми Telegram-арнасын іске қосты.
АҚДМ арнасында министрліктің қызметі, әзірлеп жатқан жобалары туралы ақпарат ұсынылады, сондай-ақ көпшілікті толғандыратын сұрақтарға ресми жауаптарды дер кезінде жариялап отыру жоспарланған.
Сонымен бірге, өзге де орталық мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат жедел түрде таратылатын болады.
Арнада электрондық пошта арқылы кері байланыс қарастырылған.
Арнаға сілтеме: https://t.me/aqparatqogam