412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы ауылда жылыжай іске қосылды

  • 199
  • UPD: 15:44, 01.06.2020
Атырау облысындағы ауылда жылыжай іске қосылды

Атырау облысындағы Қоныстану ауылында жылыжай жұмыс істей бастады. Осылайша бұрын бау-бақша дақылдарынан тек маусымында ғана ауыз тиетін ауылдықтар енді жыл бойы көкөніспен қамыталатын болды.

Малды өңір үшін жаңа бастаманы қолға алған шаруаның аяқалысы жаман емес. Аумағы 110 шаршы метр жерге тұрғызылған жылыжайда қазір қияр пісіп тұр. Осы заманғы ең озық технологияға негізделген жылыжай ешқандай химиялық қоспасыз таза топырақтан өнім алуда. Шаруашылық иесі қазан-қараша айларына дейін 1 мың 800 тонна өнім жинамақ ниетте. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3,8 млн теңге несие алған шаруа келешекте жылыжай көлемін үлкейтуге әрекеттенемін дейді. 

Марат Төлеуов, жылыжай иесі:

- Биыл облыстағы агротехник мамандармен келісе отырып, «северин» деген тұқымды таңдадық, «гунар» деп те атайды. Соны салып жатырмыз. Бағыты жаман емес, жақсы өнім беріп жатыр. Біз өткенде апрельдің 20-нан бастап бердік өнімді. Шілде айының аяғына дейін барады. Сонан кейін біз осы жерді қайтадан отырғызамыз.

Хабар 24 телеарнасы