423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Цифрлық Қазақстан»: түрлі салада 10 технологиялық платформа енгізіледі

  • 259
  • UPD: 22:57, 25.06.2020

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын дамыту аясында түрлі салада 10 технологиялық платформа енгізіледі.

Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин өткізген, Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Аталмыш платформаларда техникалық инфрақұрылым, ашық деректер, сондай-ақ отандық айти компаниялар мен стартаптарға арналған әзірлеу және талдау жүйелері шоғырланады. Бұл алаң тау-кен металлургиялық және отын-энергетика кешендері мен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына қажетті қызметтерді біріктіреді. Отырыс барысында Премьер-министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Энергетика министрліктеріне саланы дамытуға бағытталған бірқатар маңызды тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы