419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» арнасының тілшілері марапатталды

  • 332
  • UPD: 14:34, 26.06.2020

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында арнамыздың тілшісі Мерей Шохманова Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» жастар сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әріптесіміз «Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ-сюжет» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Айта кетейік, сыйлық елімізде алғаш рет табысталып отыр.

Сондай-ақ бүгін спорт журналисі, арнамыздың тілшісі Қанат Базылхан «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Еңбегі еленген тілшілерге марапатты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева табыстады. Сала басшысы журналистердің коронавирус пандемиясы кезіндегі еңбегін атап өтіп, ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Хабар 24 телеарнасы