423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да өрт қаупі күшейді

  • 431
  • UPD: 11:45, 04.07.2020
БҚО-да өрт қаупі күшейді

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі жоғарылауы мүмкін.

Тек жарты жыл ішінде аймақта 240 өрт оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. Тағы 7 адам күйік жарақатын алды. Күннің қатты ысуына байланысты пәтер терезесін ашып қоятындар көбейеді. Бұл жерде де сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Өйткені жыл басынан бері көп қабатты үйлердің терезесінен 5 бала құлап кеткен. 

Нұралы Мұсиев,  облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Біздің қызметкерлер рейдтік шаралар ұйымдастырып орман алқаптарында заңсыз от жағу фактілерінің алдын алу мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 337-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 130-дан астам тұлға ӘҚК 336 және 337-баптары бойынша жаукершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы