419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу қазақтары індет құрбаны болған қандастарын еске алды

  • 371
  • UPD: 21:25, 13.07.2020

Қазақстанның мұқым әлемдегі елшіліктерінде бүгін мемлекеттік туымыз төмен түсірілді. Мәскеудегі елшілікке сондағы жұрт гүл  әкеліп, көңіл айтып жатыр. Арасында жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері көп. Бұл жерде де індет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Талғат Мықтыбаев, Мәскеу тұрғыны:

- Біз бүгін Мәскеу қаласында үнсіз жаудан кеткен баурларымызды еске алып жатырмыз. Біз мұнда аз болсақ та жүректеріміз сіздермен бірге: Елмен біргеміз, сіздермен біргеміз. Халықтың бәрі қосылып, бірге болсақ, қайсібір сынақ болса да өтеміз.

Хабар 24 телеарнасы