429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АШМ мал шаруашылығын субсидиялау ережесін өзгертті

  • 425
  • UPD: 10:01, 31.07.2020
АШМ мал шаруашылығын субсидиялау ережесін өзгертті gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл шілде айында республикадағы мал шаруашылығының дамуына оң әсер ететін бірқатар өзгерістер ұсынды.

Ең басты назар аударатын жаңалық – министр Сапархан Омаровтың 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген Мал шаруашылығын дамыту ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.

Атап айтқанда,  негізгі өзгеріс қой шаруашылығының субсидиясына енгізілді: асыл тұқымды қойларға селекция жүргізу және асылдандыру жұмыстарының нормалары  2 500-теңгеден 4 000 теңгеге дейін, тауарлы қойларға – 1 500-теңгеден 2 500 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, асыл тұқымды отандық (8 мыңнан 15 мыңға дейін) және импортталған қойларды (бір басына 150 мың теңгеге дейін) сатып алу нормалары жоғарылады.

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында министрлік мал сатып алуға берілетін несиенің кепілдік саясатын өзгертті. Сонымен қатар, фермерлік шаруашылықтар мен бордақылау алаңдарының несие алу өтініштерін қарау мерзімі оңтайландырылды.

Енді малды 1:1 өтімділік коэффициентімен сатып алуға болады. Сонымен бірге, фермерлер субсидия алғаннан кейін тұрақты кепілдік - 15% болады. Қалған 85%-не сатып алынған малды кепіл ретінде қояды.

Мал өсірушілерге қосымша қолдау көрсету үшін карантин кезіндегі диагностикалық зерттеулердің бағасы сиырға 23,5 мыңнан 4271 теңгеге дейін, ал Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген бұқаға 28,5 мыңнан 8741 теңгеге дейін төмендетілді.

Әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштеріне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантин кезінде импортталған малға диагностикалық сынақтар жүргізу  шығындарын оңтайландырды.

Еуропалық одақта жануарлардың аса қауіпті ауруларына қатысты эпизоотиялық жағдай тұрақты болғандықтан, карантин кезінде Шмалленберг ауруына Еуропалық Одақтан әкелінетін жануарларды бір ПТР (Полимеразалық тізбекті реакция) тестілеуге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Зерттеу жұмыстарының құнын төмендету шетелден мал әкелетін фермерлердің жұмысын жеңілдетеді.

Карантин кезіндегі импортталған жануарларды диагностикалық зерттеу құны Қазақстан Республикасыныңбарлық аймағында бірдей.

Канададан әкелінген ірі қара малды тексеру құны (ветеринарлық сертификаттарда көрсетілген аурулардың тізіміне сәйкес), егер табиғи қашпаған болса 1 сиырға 1978 теңге, ал  табиғи қашқан сиыр болса  3267 теңге. Бұқаны зерттеу құны - 6448 теңге және сәйкесінше 7737 теңге.

АҚШ-тан әкелінген мал үшін: сиырға - 2697 теңге, бұқаға - 7167 теңге.

Австралиядан әкелінген ІҚМ: сиырға - 1408 теңге, бұқаға - 2984 теңге.

Латын Америкасынан әкелінген ІҚМ: сиырға - 4120 теңге, бұқаға - 8590 теңге.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден (Ресей Федерациясы және Беларусь) әкелінген ірі қара малға: сиырға - 3183 теңге (вирустық диарея мен жұқпалы ринотрахеитке қарсы егілмеген) және 1978 теңге (егілген), бұқаға - 7653 теңге (егілмеген) және 6448 теңге (егілген).

Хабар 24 телеарнасы