426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының полицейлері тұрғындарға бетперде таратты

  • 208
  • UPD: 16:40, 04.08.2020
Маңғыстау облысының полицейлері тұрғындарға бетперде таратты polisia.kz

Маңғыстау облысының полицейлері тұрғындарға медициналық бетперде таратты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасы бойынша тәртіп сақшылары коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шараларын бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.

«Қайырымды істер уақыты» акциясы Маңғыстау облысы ПД жергілікті полиция қызметінде өткізілді. Алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды немесе сапарға жол жүрмеуді ескертті. Көшеге қорғаныс маскалары мен қолғаппен шығып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер санитарлық-эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде тәртіп ережелерін орындамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған әкімшілік жауапкершілік туралы еске салады.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына жеке қорғаныс құралдарын – бір реттік маскаларды таратты.

Хабар 24 телеарнасы