420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік таратылды

  • 120
  • UPD: 19:14, 19.08.2020
Маңғыстау облысында әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік таратылды

Аймақ кәсіпкерлері көмекке зәру жанұяларға бірінші кезектегі қажеттіліктерін жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық «Жақсылық жаршысы» акциясына үлес қосқан меценаттар игі істі өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе атқарып отыр. Азық-түлік салынған себеттер Ақтау мен Мұнайлы ауданының тұрғындарына таратылған. Олардың тізімі жұмыспен қамту орталықтарынан алынған. Осы ретте карантинде тұрақты табысынан айырылған азаматтарға басымдық берілген екен.

Ұлболсын Бөртбаева, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

- Алты балам бар. Пәтер жалдап тұрамын. Міне, бізге көмектесіп жатыр карантин жағдайында. Көп рахмет. Алдағы уақытта да бола берсін осындай көмектер. Жағдайымызға қарап, беріп жатыр. Рахмет.

Нұрбек Қарасаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы:

- Республика бойынша бастау алған «Жақсылық жаршысы» акциясы Қарағанды облысынан Маңғыстауға келіп жатыр. Сондықтан да осы акцияны бастап, белді кәсіпкерлердің үлесімен жинақталған азық-түліктерді барлық аз қамтылған отбасыларға, көп балалы ата-аналарға жеткізуді мақсат тұтып отыр. Бүгінгі күнге барлық тізімдер анықталды.

Хабар 24 телеарнасы