420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы қонақ үйлердің бірі тексеруге барған бас санитар дәрігерді кіргізбей қойған

  • 193
  • UPD: 20:39, 19.08.2020
Ақтаудағы қонақ үйлердің бірі тексеруге барған бас санитар дәрігерді кіргізбей қойған

Адал ісіне сенді ме, күшіне сенді ме? Ақтаудың бас санитар дәрігерін жергілікті қонақ үйлердің бірінің күзеті ішке кіргізбеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағажайдағы тәртіпті бақылап жүрген мобилдік топтың бұл рейді сөйтіп сәтсіз аяқталды. Айта кетейік, аймақта жекеменшік демалыс базаларының жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Алайда, олар бас санитардың қаулысына сай бірқатар талапты бұлжытпай орындауы тиіс.

Әсима Жарылғасова, қаланың бас санитарлық дәрігері:

- Біз бұл демалыс орнын тексеруге осымен үшінші рет кіре алмадық. Мұндай жағдайлар біздің міндетімізді орындауға кедергісін келтіреді. Қазіргі басты мақсатымыз – халықтың денсаулығының қауіпсіздігі. Сондықтан да рейд шараларын жүргізіп жатырмыз. Осы аптада бірқатар демалыс орнын тексеріп, карантин талаптарын бұзғандарды анықтап, әкімшілік жазаға тартттық.

 

Хабар 24 телеарнасы