420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандағы қоғамдық көліктер электрон төлем жүйесіне көшеді

  • 221
  • UPD: 11:42, 22.08.2020
Талдықорғандағы қоғамдық көліктер электрон төлем жүйесіне көшеді

Тамыз айының соңына дейін Талдықорғандағы қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба  инвестор есебінен жүзеге аспақ.  7 компаниямен меморандум жасалып, 200-ге жуық автобусқа арнайы аппарат орнатылды. Қазір тұтынушыларға арналған карталарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар шахардағы пошта бөлімшелері  мен екінші деңгейлі банктерде сатылады. Құны үлкендер үшін 500, ал оқушылар үшін 400 теңге болмақ. Саладағылар тың бастама ақша айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді дейді.

Нұрбақыт Алтынбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Қанша адам мінді көріп отырады. Негізгі артықшылықтары қала шетінде жүрген автобустарға тиімсіз болса, өкіметтен ақша қарастырылады. Қарастырылған субсидияның арқасында автобустарды жаңартуға болады.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы