420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

  • 143
Ақтөбеде карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

Шектеу шаралары мен карантин режимін бұзған ақтөбелік заңды және жеке тұлғаларға 56 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлік нысандары санитарлық талапты сақтауға салғырт қараған. Олар өңірдің бас санитар дәрігері қабылдаған қаулысын елемей істерін жалғастыра берген. Арасында дүкендер мен дәмханалар бар. Әрі қызметкерлерінің дене қызуын тексермей, жұмысқа жіберген. Кәсіпкерлік нысандарда бетперде тағу, арақашықтық сақтау тәртібінің де жиі бұзылатыны анықталды. Облыс тұрғындарының да карантин талаптарын ескермеуі тыйылар емес. Көпшіліктің қатысуымен отбасылық шараларды өткізу деректері тіркелген. Той, садақа өткізген 18 нысанға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

Гүлбану Дәулетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Негізінен айыппұлдың көп бөлігі жеке кәсіпкерлерге салынып отыр. Ол негізінен қоғамдық тамақтану орындары, сауда орындары, базарлар және де басқа да объектілерге байланысты. Сенбі, жексенбі күндері объектілердің жұмысы тоқтатылуы міндетті. Олар ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, СПА-центрлар, әсемдік салондар.

Хабар 24 телеарнасы