427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы: СҚО-да тағы 11 ауыл карантинге жабылады

  • 185
  • UPD: 09:57, 29.09.2020

Елімізде алғаш болып құс тұмауының ошағы анықталған Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індет күннен-күнге өршіп барады.

Бүгінге дейін өңірде 198 мыңнан астам қанатты қырылып қалған. Қазір осы өңірдегі әріптесім Самат Қайырденұлы бізбен телефон арқылы тікелей байланыста.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Өңірдегі жағдай уақыт өткен сайын ушығып барады. Он шақты күн болды қанаттылар қынадай қырылып жатқанына. Осы күнге дейін аймақта 198 мың 245 құс өлген екен. Оның 15 мың 203-і жеке меншіктікі болса, қалған 183 мың 42-сі фабрикаға тиесілі. Қазір ветеринарлар үй-үйді аралап екпе салып жүр. Осы күнге дейін 230 мыңға жуық вакцина қойылыпты. 18 ауыл карантинде. Бүгін кешкі сағат 18:30-да тағы 11-і жабылады. Қазір қаулы дайындалып жатыр.

Айта кету қажет, Аққайың ауданына қарасты Тоқыш және Уәлиханов аудандарының орталығы Кішкенекөлде де  құс өлімі тіркелді. Олардан сараптама алынып, Нұр-Сұлтан қаласына зертханаға жіберілді. Қазір жергілікті мамандар мен өңірде республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың мамандары жұмыс істеп жатыр. Яғни өлекселер өртелуде. Дегенмен аймаққа оларды өртеу үшін арнайы техника аздық етіп отыр. Мендегі бар ақпарат осы.

Хабар 24 телеарнасы