432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылы аялдамаларда дезинфекция жасалып жатқанын көрмедік – елордалықтар

  • 177
  • UPD: 08:47, 06.10.2020

Елордада жылытылатын аялдама павильондары биыл ерте ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінде ауа температурасы 0-ден түскен кезде жылу берілуі тиіс екен. Алайда тұрғындардың өтініші ескеріліпті. Бірақ халық павильондардың тазалығына сын айтты. Енді дезинфекция жұмыстары жеткіліксіз деген шағым бар.

Вирус таралмауы үшін қоғамдық жерлерге жиі дезинфекция жасау керектігін мамандар айтып жатыр. Әсіресе, адам көп жиналатын орындарды тазалап отыру міндет. Елордадағы сондай орындардың бірі – жылытылатын аялдамалар. Әсіресе, күн суытқалы сол жабық павильондарға жылыну үшін кіретіндер көбейген. Алайда іші желдетілмейтін жабық орында вирус жұғу қаупі жоғары.

БЛИЦ:

– Бірде-бір рет көрмедім тазалап, дезинфекция жасап жатқанын.

– Дезинфекция жасап жатқанын көрмедім. Дегенмен аса қорқыныш жоқ.

– Ауру жұғу қаупі бар. Бірақ барынша сақтанып отырмыз. Санитарлық талапты сақтау керек.

Жолаушылар тазалап жатқан адам көрмедік дейді. Жауапты мекемелер санитарлық талапты орындап отырмыз деген уәж айтады. Жылытылатын аялдамалар ашылған кезде клининг компания толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген. Әр павильонды жарты сағат бойы тазалапты. Дегенмен санитарлық мамандар адам үздіксіз кіріп-шығып жататын қоғамдық орынды күніне кем дегенде 2-3 рет дезинфекциялау керек деп отыр.

Рафаиль Қыпшақбаев, ҚДСЖМ эпидемиология кафедрасының доценті:

- Күніне 2-3 рет тазалап отырған дұрыс. Ең бастысы, есік тұтқасы сияқты адамның қолы көп тиетін жерлерді дезинфекциялаған дұрыс. Вирус әйнек, металл мен пластик материалда 12 сағатқа дейін сақталуы мүмкін. Ағашта ондай ұзақ сақталмайды. Дегенмен жиі тазалап отыру қажет.

Руслан Әбдуәлиев, көлік инфрақұрылымы және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

- Жуғыш заттармен санитарлық тазалау аптасына екі рет жүргізіледі. Дезинфекция бойынша арнайы кесте бар. Және оны жүргізетін жауапты қызмет бар. Аялдама ішіндегі есік тұтқасы, отырғыштар мен адам қолы тиетін жерлерді апта сайын жуып тұрады.

Елордада 1307 аялдама бар екен. Оның 105-іне ғана жылу жүргізілген.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы