432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Шетелден Алматыға ұшып келген жолаушылар тексерілуде

  • 128
COVID-19: Шетелден Алматыға ұшып келген жолаушылар тексерілуде РБК

Алматыға Ыстамбұлдан, Дубайдан, Минскіден және Бішкектен мыңнан астам жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 239-ының ПТР-тесті жоқ. Естеріңізге сала кетейік, енді жаңа талап бойынша шетелден ұшып келушілердің қолында 72 сағаттан аспаған ПТР анықтамасы болу керек. Мұндай анықтамасы жоқ азаматтар ұшақтан түсе сала сынама алу пунктіне жіберіледі де, оның нәтижесі шыққанға дейін екі тәулікке арнайы стационарға оқшауланады. Ал анықтамасы жоқ шетелдіктерге Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейді. Бұл талаптар елімізбен әуе қатынасы бар барлық елге қатысты. Сонымен қатар жолаушылар міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.

Наталья Соколова, Алматы халықаралық әуежайының баспасөз-хатшысы:

– Анықтамасы жоқ жолаушылар үшін шекара бақылауынан өтетін қосымша зал аштық. Сол сияқты, олар жүктерін де бөлек алады. Олар карантинге екі күндік мерзімге әкімдік ұйымдастыратын арнайы көлікпен жіберіледі. Тестілеу үшін әуежайда биоматериалды іріктеу пункті ашылды. Тестің 3 түрі жасалады. ПТР-тестің 2 түрі және 15 минуттық экспресс-тест. Ұзақ рейстегі немесе қондырмалы жолаушылар жолға шығар алдында тестілеуден өте алады. Нәтиже 24 сағат ішінде дайын болады. Олар электрондық пошта арқылы орыс және ағылшын тілдерінде жіберіледі. Бұл барлық адамдар үшін қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы