432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рудныйда 330 млн теңгеге салынған шолу дөңгелегі жергілікті бюджет есебінен қайта бөлшектеледі

  • 145
Рудныйда 330 млн теңгеге салынған шолу дөңгелегі жергілікті бюджет есебінен қайта бөлшектеледі

Сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аттракцион айналасындағы дау-дамай былтыр басталған. Шолу дөңгелегінің кабиналары жоғары биіктікте желмен қаңбақша қаңғалақтап, өздігінен шыр айналған. Оны көрген жұрттың зәресі кетті. Қоғам өкілдері бірден сотқа шағым түсірген. Содан кейін барып, шолу аттракционын пайдалануға тыйым салынған. Бұл нысанға тапсырыс беруші – Рудный қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімі. Салушы – «Алатаугорстрой» серіктестігі. Мемлекеттік сатып алуға қатысқан осы қос тарап шолу дөңгелегін бөлшектеп, алып тастауға міндеттелген. Бірақ жеме-жемге келгенде мердігерлік ұйым өзін банкрот деп жариялады. Ал директоры тайқып кеткен.   

Дәурен Жәкенов, Рудный қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Демонтаждау жұмыстарына 2021 жылдың қазан айында кірісуді жоспарладық. Бірақ сот бізге наурыз айына дейін мерзім берді. Бөлшектеу жұмыстары қанша сомаға түсетіні әзірге белгісіз. Бізден басқа бұл міндетті ешкім орындамайды. Мердігер қағаз жүзінде бар.

Хабар 24 телеарнасы