427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СЖҚҚ жүздеген қостанайлық кәсіпкердің құқығын қорғады

  • 119
  • UPD: 15:32, 09.10.2020
СЖҚҚ жүздеген қостанайлық кәсіпкердің құқығын қорғады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бизнесті және инвестицияны қорғау» жобалық кеңсесі аясында биыл жүздеген қостанайлық кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инвесторларға көрсетілетін кеңестер мен практикалық көмектер мемлекеттік органдармен әрекеттесу кезінде жемқорлықты мейлінше қысқартуға мүмкіндік береді.
Көп жыл бойы тұралап қалған осы құс фабрикасын жаңғыртуға 5,5 млрд теңге бөлінбек. Жаңа өндіріс нысаны 500-дей адамды жұмыспен қамтып, жылына 12,5 мың тонна бройлер етін шығарады. Инвестор бюрократиялық кедергілердің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды.

Қайрат Майышев, құс фабрикасының директоры:

- Бұл қадам бизнестің жалғыз емесіне кепіл береді. Өйткені біз өз тәжірибемізде сан түрлі бюрократиялы және коррупциялық кедергілерге кезігеміз. Ал бизнес ешқандай алаңдаусыз өз міндетін орындауы тиіс деп есептеймін.

Тоқылмаған бұйымдар фабрикасы да бұл әріптестікті тиімді деп санайды. Мұнда өндіріс ауқымын кеңейтіп, пластик қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеу ісі қолға алынбақ.

Жандос Жақсыбаев, «Eco City Kz» жобасының директоры:

- Аталған келісім инвестициялық жобалардың коррупциялық тәуекелдерін болдырмайды. Бизнесті ашық, әрі адал жүргіземіз. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік танытамыз.

Тұтастай алғанда жобалық кеңсе құны 204 млрд теңге болатын 45 инвест жобаны қамқорлыққа алыпты. Сонымен бірге биыл жүздеген кәсіпкердің құқығын қорғаған.

Юлия Ярошенко, Protecting Business And Investments жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім жасаудан бөлек іскер жандарды мазалаған мәселелері бойынша қабылдаймыз. Оның ішінде шаруаларға субсидия беру, кәсіпкерлікті дамыту сияқты салалар бар. Түрлі мониторингілеу жүргіземіз. Оның бәрі коррупциялық әрекеттерді барынша азайтуға бағытталған.

Жобалық кеңсе «Бизнестің жол картасы» арқылы мемлекеттік гранттар алатын бастауыш кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім жасауды жоспарлайды.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхмедияров

Хабар 24 телеарнасы