428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп келеді

  • 234
  • UPD: 02:02, 10.10.2020
Ақтауда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп келеді

Ақтауда 3 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыркүйек айында облыс бойынша ел-жұрт дін аман болған еді. Деректер соңғы екі күнде тіркеліп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар бетперде тақпайды. Арақашықтықты сақтамайды.

Ғазиз Надуев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

- Вирус жұқтырғандар өңірге сырттан келгендер емес, жергілікті тұрғындар. Демек, өз арамызда жүрген тұрғындардың індетті тарату қаупі бар екендігі алаңдатады. Соңғы 2 күнде бізде 3 жағдай тіркелді. Бірақ қыркүйек айында нөлдік көрсеткіштер болғандықтан, біз мұны күрт өсу деп есептейміз. Сондықтан да тұрғындарды сақтық шараларын барынша қатаң сақтауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы